Орал қаласында облыстық ата-аналар форумы өтті

 Орал қаласында облыстық ата-аналар форумы өтті



 2025 жылдың 9 қазанында Орал қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектепте «Адал ұрпақ – ортақ міндет» атты облыстық ата-аналар форумы өтті.

🔹 Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру, мектеппен өзара байланысын нығайту, сондай-ақ «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын бірлесе талқылап, нақты іс-қадамдармен толықтыру болды.

👥 Шараға білім саласының жетекшілері, мектеп басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Олардың қатарында:
• Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин
• Жиын модераторы – Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Алия Қайыржанова

📊 Қатысушылар:
• 284 ата-ана
• 100-ден астам мектеп басшысы
• Қоғам белсенділері, сарапшылар және БАҚ өкілдері

💬 Талқыланған негізгі тақырыптар:
• Бала құқығы мен қауіпсіздігі
• Адалдық пен азаматтық жауапкершілік
• Әке тәрбиесінің рөлі
• Ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестік

🗣 Жиын ашық пікір алаңына ұласып, қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарастарын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды тәрбие жұмысына енгізу, ата-аналармен жүйелі байланыс орнату сынды өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.

🌟 Форум барысында облыс пен қала мектептерінен келген белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.

🎶 Іс-шараны Д.Нұрпейсова атындағы музыка мектебі оқушыларының орындауындағы «Алғыс» әні қорытындылады.

📌 «Адал ұрпақ – ортақ міндет» атты кеңейтілген жиналыс – бұл жай ғана кездесу емес, болашақ ұрпақ тәрбиесінде ата-ана мен мектептің тең жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты қадам болды.