«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті

«Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті

2020 жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өткізілді. Слетті Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтан өткізді.

Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.   

Слет 3 блоктан (өлкетану, экология, туризм) және
8 номинация бойынша өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының құрама командасы әр номинациялар бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті: 

«Бард әндері» номинациясы:

2 орын – Сторостин Даниил (Ақжайық ауданы);

«Туристік түйіндерді байлау» номинациясы:

2 орын – Майданов Нұрлан (Ақжайық ауданы);

«Алғашқы медициналық көмек» номинациясы:

1 орын – Майданов Нурлан, Старостин Даниил, Мизашев Айбол;

«Ең керемет туристік өлке» номинациясы:

2 орын –  Мизашев Айбол (Ақжайық ауданы);

«Туған өлке тарихы» номинациясы:

3 орын – Сатыбалды Нұрасыл (Бөкей ордасы ауданы);

«Экологиялық соқпақ» номинациясы:

1 орын –  Ибрагим Бақтияр, Ерғали Ділназ (Бәйтерек ауданы);

Әр номинациялардан жинаған ұпай қосындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрама командасы ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ 1 ОРЫНҒА ие болды.