Жаңа мәзір – балалар денсаулығы үшін!

Жаңа мәзір – балалар денсаулығы үшін!

Бүгін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева мектеп асханаларындағы тағам сапасына арналған кездесу өткізді.
Кездесуге Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Қайыржанқызы, Орал қаласындағы бірқатар мектептердің біржолғы комиссия төрағалары мен мүшелері қатысты.

📌 Күн тәртібінде мектептерде енгізілген жаңа мәзірдің тиімділігі, оқушылардың қабылдауы, тағам сапасы және оның балалар денсаулығына сәйкестігі мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері ас мәзіріне қатысты бақылауларымен бөлісіп, тамақтану сапасын жақсарту бағытында ұсыныстар айтты.