«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

       Бүгін «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Білім және ғылым министрлігі республикалық «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімін барлық өңірлерде бір мезгілде бейнеконференция байланысы арқылы өткізді.

      «Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

      «Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысынан мектепке дейінгі, жалпы білім беру және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының 7 педагогы жолдама алды.

       Шара барысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов дәстүрге айналған «Үздік педагог» танылған педагогтарды төл мерекесімен құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

           Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 2 педагог жеңімпаз атанды. Олар:

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Гүлдана Нұғманова

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогі Мирболат Құспанов.

          Жеңімпаздарға «Білім беру ұйымының үздік педагогы - 2020» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК (2 778 000 теңге) сыйақы сертификатын облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаев табыстады.