«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – ORAL-2020» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – ORAL-2020» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

    WorldSkills International (WSI) – дүниежүзі бойынша жұмысшы мамандықтарды насихаттап, дәріптеуді, кәсіби даярлық пен біліктілік стандарттары мен беделін көтеруді мақсат ететін халықаралық ассоциация және қозғалыс. WSI өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторында жоғары халықаралық деңгейдегі жұмысшы мамандықтардың кәсіби стандарттарын жасақтайды және қалыптастырады, сараптамалық баға беруді қамтамасыз етеді. Ассоциация 1946 жылы құрылып, қазіргі кезде 75 мемлекеттен келген қатысушыларды біріктіреді. WSI халықаралық қозғалысына қатысу техникалық және кәсіптік білімді дамытудағы ең озық тәжірибелерді алуға, кәсіптік даярлық пен біліктілік стандарттарын жетілдіруге мүмкіндік береді.

      2015 жылдан бастап Ұлттық оператор («Талап» КЕАҚ) жастар арасында ұлттық кәсіби шеберлік байқауларын өткізіп келеді. Халықаралық деңгейде қатысатын және Қазақстан Республикасы біріккен командасын қалыптастыратын WorldSkills ұйымының талаптарына сәйкес сайысқа 18-22 жас аралығындағы колледж студенттері қатыса алады.

       «WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2020» өңірлік чемпионаты 2020 жылдың 5-13 қазан аралығында Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Бөкей, Шыңғырлау аудандарында өтеді.

     Өңірлік чемпионаттың практикалық тапсырмаларын орындау бойынша жарыстар Батыс Батыс Қазақстан индустриалды, Орал «Сервис» технологиялық, Сервис және жаңа технологиялар, Орал политехникалық, Шыңғырлау, Ақжайық агралық-техникалық, Орал ақпараттық технологиялар, Жоғары инженерлік-технологиялық, Жоғары аграрлық-техникалық, Батыс Қазақстан жоғары медициналық, А.Иманов атындағы жол-көлік, Республикалық жоғары техникалық колледждерінің базаларында өткізіледі.

«WorldSkills Kazakhstan – ORAL-2020» өңірлік чемпионаты 26 жұмысшы құзыреттілік бойынша өтеді: «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар», «Шаштараз өнері», «Дизайн және киімдерді үлгілеу», «Электр монтаждау», «Мейрамхана сервисі», «Аспаз ісі», «Наубайшы шеберлігі», «Кондитерлік ісі», «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «Ағаш шеберінің ісі», «Бояу және сәндік жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиялары», «Кірпішті қалау», «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі», «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Ветеринария», «Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету», «CAD инженерлік графикасы», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Автомеханик», «Дизель қозғалтқышына жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Желілік және жүйелік басқару», «Слесарь сантехник».

       5 қазан күні Батыс Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Орал «Сервис» технологиялық және Орал политехникалық коллеждерінің базасында 4 құзыреттілік бойынша - «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар», «Шаштараз өнері», «Ағаш шеберінің ісі», «Дизайн және киімдерді үлгілеу» практикалық тапсырмаларды орындау жарыстары басталып кетті.