*Бастауыш мектептердің жағдайы назарда*

*Бастауыш мектептердің жағдайы назарда*

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапары барысында бастауыш мектептердің де жай-күйімен танысты.

🏫 Басшы Жетібай ауылындағы «Жамбыл» бастауыш мектебі мен Көктерек ауылындағы «З.Жиеналиев» атындағы мектептің жұмысын көріп, білім беру үдерісінің ұйымдастырылу барысын назарға алды.

📍Сапар аясында оқу орындарының материалдық-техникалық базасы, санитарлық талаптардың орындалуы мен қауіпсіздік шаралары мұқият сараланды. Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін нысандарға ерекше назар аударылды.