*«Балдаурен» бөбекжайындағы кездесу*

 *«Балдаурен» бөбекжайындағы кездесу*

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Бөкейордасы ауданындағы іссапар аясында «Балдаурен» бөбекжайына арнайы барып, мекеменің күнделікті жұмыс барысымен танысты.

🌿 Басшы бөбекжайдың материалдық жағдайын, тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын көріп, ұжымның жаңашыл көзқараспен жұмыс істеп жатқанын жоғары бағалады. Алдағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілеп, сенім білдірді.

👥 Сондай-ақ балабақша қызметкерлерімен еркін форматта пікір алмасып, саладағы өзекті мәселелерге назар аударды. Бүлдіршіндер тәрбиесіне үлес қосып жүрген тәрбиешілерге алғысын білдіріп, қажырлы еңбектері үшін ризашылығын жеткізді.