*Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі*

 *Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі*

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы *Елдос Сафуллин* Бөкейордасы ауданы М. Бегалиева атындағы мектепте жұмыс сапарымен болды.

🏫 Басқарма басшысы мектептің техникалық жағдайымен, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

👩‍🏫 Ұжыммен кездесуде Елдос Набиоллаұлы Мемлекет басшысының биылғы *Жолдауында* айтылған білім саласына қатысты басым бағыттарға тоқталып, оның жүзеге асуына ұстаздардың белсенді атсалысуы маңызды екенін атап өтті.

📌 Ашық пікір алмасуға негізделген бұл кездесу білім саласындағы ортақ мақсаттарды айқындауға жол ашты.