Жәнібек ауданы Тегісшіл негізгі орта мектебіне облыстық білім басқармасының басшысы *Елдос Сафуллин* жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында басқарма басшысы мектептің оқу кабинеттері мен материалдық-техникалық базасын қарап, білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кездесу кезінде ұстаздармен және оқушылармен ашық пікір алмасып, білім беру сапасын жетілдіруге қатысты ұсыныстарды тыңдады.
– *Бүгінгі міндет – сапалы білім беріп, заман талабына сай оқу ортасын қалыптастыру. Бұл үшін барлық деңгейдегі білім мекемелерінің әлеуетін арттыру қажет,* – деді Елдос Сафуллин.
Сапар соңында білім сапасын жақсарту бағытында бірқатар нақты ұсыныстар талқыланды.