Жәнібек ауданы Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешеніне жұмыс сапарымен келген облыстық білім беру басқармасының басшысы Елдос Сафуллин сабаққа қатысты.
Негізгі мақсаты – жасанды интеллектінің білім беру үдерісіндегі қолданысын бақылау. Басшы математика пәні мұғалімі А.Шарафутдинова өткізген сабақты бақылап, ЖИ технологиясының оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға ықпал ететінін ерекше атап өтті.
Сабақ барысында мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен заманауи әдістерді тиімді пайдалана білуі жоғары бағаланды.