Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

Білім беру саласындағы жаңалықтар мен алдағы оқу жылына дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты баяндады.

🔹 Облыс бойынша жаңа оқу жылында 379 мектеп өз жұмысын бастайды, 126 мыңнан астам оқушы білім алады.
🔹 Биылғы жылы 1-сыныпқа 10,6 мың бала қабылданып, олардың 76%-ы қазақ тілінде білім алады.
🔹 Жаңа оқу жылын мектептер «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбындағы іс-шарамен бастайды.
🔹 Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету, қауіпсіздік, материалдық-техникалық базаны нығайту және мектеп құрылыстары – басты назарда.
🔹 Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерде бірқатар жаңа бастамалар жүзеге асуда.

🔸 Брифинг барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

📚 Жаңа оқу жылы білім мен табысқа толы болсын!