Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасында басқарма басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен басқарма мамандары қатысты.
🗂️ Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды:
▪️ 2025–2026 оқу жылына дайындық барысы;
▪️ Мемлекет басшысының республикалық тамыз кеңесінде ұстаздарды қолдау жөніндегі тапсырмаларын талқылау;
▪️ Жаңа оқу жылына қатысты министрлік тапсырмаларын жүзеге асыру жолдары;
▪️ Облыстық тамыз кеңесіне дайындық деңгейі;
▪️ Мектептердегі жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық база жағдайы;
▪️ Жаңартылған оқу бағдарламалары мен жаңашылдықтар;
▪️ Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және кадрмен қамтамасыз ету;
▪️ Оқушыларды тасымалдау, ыстық тамақпен қамту және қауіпсіздік шаралары.
Кеңесте көтерілген мәселелер жаңа оқу жылына сапалы дайындалуға бағытталды.