2025 жылдың 7–10 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасы, Макао қаласында өткен халықаралық “First Championship” Робототехника және инновациялық жобалар чемпионатында Әр мемлекеттен қатысқан 130 команданың ішінен Еліміздің намысын қорғаған Орал қаласы оқушыларынан құралған "Оқушылар Сарайының “SubSquad" командасы
жүлделі III орынға ие болды! Жетекшісі:Қырыкбаев Нұрбол Мұсаұлы.
Оқушылар Байқауда 4 санат, яғни
1) Инновациялық жоба
2) Робот 15 тапсырмасы
3) Робот дизайны
4) Командалық құндылық атты категориялардан өз жобаларын ұсынып, роботтарын құрастырып, бағдарламалап үздік нәтиже көрсетті.
Бұл — тек қана техникалық шеберлік емес, сонымен қатар табандылық, еңбек пен арманның нәтижесі!
Біз сендерді мақтан тұтамыз!