Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды

Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру ұйымдарының  2025–2026 жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары К.Е. Меңдіғалиевтың төрағалығымен білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес отырысы өтті.

Кеңес жұмысына облыстық және қалалық деңгейдегі тиісті мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты. Атап айтқанда, білім басқармасының басшысы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, полиция департаменті басшысының орынбасары, төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы, қаржы басқармасы басшысының орынбасары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы, стратегиялық және экономикалық жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Орал қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық білім беру бөлімінің басшысы қатысты. Сонымен қатар, жиынға әлеуметтік әріптестер – КПО б.в. және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері де шақырылды.

Жиын барысында өңір мектептерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жөндеу жұмыстарының аяқталу барысы, қауіпсіздік талаптарының орындалуы, оқушыларды тасымалдау мен ыстық тамақпен қамту, жылу маусымына әзірлік және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Талқылау нәтижесінде анықталған өзекті мәселелерді уәкілетті мемлекеттік органдармен және тиісті мекемелермен бірлесіп шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.