Білім нысандарындағы жұмыс барысы бақылауда

Білім нысандарындағы жұмыс барысы бақылауда

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданына барды. Сапар барысында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше білім беру мекемелерін аралады.

🔹 Л.Қылышев орта мектебі
🔹 Шыңғырлау мектебі
🔹 Шыңғырлау колледжі

Басшы нысандардағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жұмыс сапасына және бекітілген мерзімде аяқталуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

🔧 Әр білім беру ұйымында қауіпсіздік, сапа және оқу процесіне қолайлы жағдай жасау – басты назарда.