Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданында салынып жатқан мектептердің құрылыс барысын қадағалады.
Атап айтқанда:
* 🏫 Пугачев ауылында – 300 орындық мектеп
* 🏫 Ақсай қаласы, Ихсанов көшесінде – 300 орындық мектеп
* 🏫 13-ықшамауданда – 900 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Жаңа мектептер заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, оқушыларға қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын ұсынуға бағытталған.
Сапалы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында Ақсай қаласының №7 ЖОББМ-да реновация жұмыстары жүргізіліп, мектеп кешенді түрде жаңартылуда.
📌 Барлық нысандарда құрылыс және жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүзеге асуда.