Ашықтық пен диалог – басты ұстаным

Ашықтық пен диалог – басты ұстаным

Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарының білім саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, нақты шешімдерді қажет ететін сұрақтар бақылауға алынды.

📍 Облыстық білім басқармасы осындай ашық кездесулер арқылы тұрғындармен кері байланысты нығайтып, саладағы өзекті мәселелерді бірге шешуге басымдық беріп келеді.