Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылындағы Ғ.Махамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектепке құрылыс барысын қадағалау мақсатында барып, мердігермен және жауапты мамандармен кездесті.
Мектепке күрделі жөндеу «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде.
🔧 Қазіргі уақытта:
▪️ Электр желілері жаңартылып, монтаждау жұмыстары аяқталды;
▪️ Барлық сыныптарда қабырға мен төбені өңдеу (шпатлевка) жүргізілуде;
▪️ Силикат кірпішпен парапет, жел терезелері қаланып, армобелбеу (армопояс) құю аяқталу үстінде;
▪️ Пластикалық терезелер орнатылып, терезе астына бетон құю жұмыстары жасалды;
▪️ Жергілікті тұрғындар жаңа кіреберіс алаңын жасауға атсалысуда;
▪️ Төбе жабу мен сыртқы қаптама жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.
✅ Елдос Сафуллин құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударып, нысанды мерзімінде аяқтауды және оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беруді тапсырды.