Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында маңызды дөңгелек үстел өтті.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында маңызды дөңгелек үстел өтті.


🔹Іс-шараға «Қазақстанның әкелері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманғос Кулов, Ақтөбе облысы бойынша құрылтайшысы Еркін Тобылбаев, Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылтайшы Серік Ихсанов, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева қатысты.

🔹Кездесу барысында қоғамдық бірлестіктің мақсаты мен атқарылып жатқан істері таныстырылып, ата-аналар институтын нығайтудағы, әсіресе әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру бағытындағы нақты ұсыныстар талқыланды.

🤝 Білім басқармасы мен қоғамдық бірлестік арасында алдағы уақытта өзара тығыз байланыста жұмыс істеу, бірлескен жобалар мен тәрбиелік маңызы бар шараларды ұйымдастыру туралы келісілді.

🎯 Бұл бастама — ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігін арттыруға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.