Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

🟢 Кеңесте үш негізгі мәселе қаралды:

1️⃣ «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының жүзеге асу барысы;

2️⃣ «AGROFEST BATYS-2025» мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесін ұйымдастыруға білім ұйымдарының қатысуы мен дайындық шаралары;

3️⃣ Білім басқармасы мен спорт басқармасының бірлескен «Жетістікке 7 жол» жобасы. Бұл бағыт бойынша спорт басқармасының маманы Тілекқабыл Жанатұлы баяндама жасады.

🗣 Кеңес барысында жауапты бөлімдердің баяндамалары тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді.

🎯 Ауыл мектептерінің сапасын көтеру, оқушыларды ауыл шаруашылығына бағыттау, спорт пен білімнің сабақтастығын арттыру – басты назарда болды.