«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ «Орал қаласында жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жобаның атауы: «Орал қаласында жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану»
Жобаны іске асыру саласы: Жоба білім беру саласында жүзеге асырылуда.
МЖӘ жобасының мақсаты: Орал қаласында 2000 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану және тегін негізде білім беру қызметтерін ұсыну арқылы халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.
Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: 1 ауысымда 2000 оқушы орнынан тұратын мектеп.
МЖӘ жобасын іске асыру орны: Жер учаскесі Орал қаласында «Жұлдыз» ш.а. орналасқан, онда учаскенің ауданы 2,7-3,8 га құрайды (ғимараттың отырғызылуына байланысты учаскенің сегментациясы болады).
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 72 ай және одан да көп, оның ішінде:
Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2025 жылғы 1 қыркүйек сағат 11:00 (жергілікті уақытпен) дейін «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің 8-қосымшасына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ.
Байланыс деректері: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ стратегиялық жоспарлау, материалдық техникалық базаны және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – Джубанышев Даурен Галымович, тел.: 8 (708) 181 3761 ватсап, e-mail: d.dzhubanyshev@bko.gov.kz.
Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Орал қаласы, С. Ескалиев көшесі, № 72 үй.
Техникалық тапсырма осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша беріледі.