Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

Кеңес барысында екі маңызды мәселе қаралды:

1️⃣ Бөкей ордасы және Казталов аудандарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы білім беретін мектептердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы басқарманың бас маманы Шынар Бауетдинова баяндама жасады.

2️⃣ Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағытында білім беру ұйымдарының бірлескен шаралары және 2025 жылдың ІІ тоқсанындағы жағдай туралы* «Облыстық психологиялық қолдау және әдістемелік орталығының» директоры Ләззат Есенова* мәлімдеді.

🎯 Кеңес барысында көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, білім беру сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейту көзделді.