БАҚ өкілдеріне арналған туристік жарыс өтті
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығы БАҚ өкілдері арасында ерекше форматта туристік жарыс ұйымдастырды.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханова қатысып, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ашылу салтанатында Ақжарқын Темірханова білім басқармасымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген бірқатар БАҚ қызметкерлеріне алғыс хат табыстап, шығармашылық табыс пен қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Табиғат аясындағы бұл жарыс – ақпарат саласы мамандарының белсенділігін арттырып, серіктестік байланыстарды нығайта түсті.