"Келешек мектептері" – сапалы білімге жарқын қадам

"Келешек мектептері" – сапалы білімге жарқын қадам

Бүгін «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфирінде Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының құрылыс және жобалау бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов пен БҚО құрылыс басқармасы құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас маманы Дәулет Хайнолла өңірімізде жүзеге асып жатқан мектеп құрылыстары туралы баяндады.

Спикерлер «Келешек мектептері» жобасы аясында пайдалануға берілген нысандар мен қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан білім беру мекемелерінің жай-күйі туралы кеңінен ақпарат берді.

Эфир барысында жаңа мектептердің заманауи талаптарға сай жабдықталуы, оқу сапасын арттыруға әсері және құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына байланысты қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Жоба аясындағы жұмыстар – өңірдегі сапалы білім беру инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.