Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырғалиеваның төрағалығымен аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының, білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Самал Рустемов қатысты.
Кеңес барысында педагогтерді жұмысқа қабылдау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, заң талаптарын сақтау, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және кадрлық саясаттың әділ жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысында Луара Батырғалиева барлық білім беру ұйымдары басшыларына кадр қабылдау барысын қатаң бақылауға алып, заң бұзушылыққа жол бермеуді тапсырды.