Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин
БҚАТУ жанындағы «Жалпы даму және кәсіби білім беру педагогтерін даярлау орталығы» директоры Қуатбек Байдалиевпен және «Мансап» орталығының директоры Ақылбек Нұрғалиевпен кездесті.
Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Атап айтқанда:
🔹 мектептерде эко және агро кластар ашу,
🔹 экономика саласы мамандарының біліктілігін арттыру,
🔹 оқушыларға кәсіптік бағдар беру,
🔹 білім беру мен еңбек нарығының байланысын күшейту мәселелері көтерілді.
Тараптар ортақ жобаларды іске асырып, болашақ мамандарды сапалы даярлау ісінде ынтымақтастықты тереңдету жөнінде келісімге келді.