2025 жылғы 20 маусым күні Шыңғырлау ауданына жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Шыңғырлау колледжіне арнайы барып, білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы, сондай-ақ студенттердің кәсіптік бағыттағы дайындығымен танысты.
Сапар барысында колледж ұжымы атқарылып жатқан жұмыстар, маман даярлау бағытындағы жаңашылдықтар мен жоспарлар туралы баяндап өтті. Білім басқармасы басшысы колледждің даму бағытына оң бағасын беріп, сапалы техникалық және кәсіптік білім беру – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті.