Шыңғырлау ауданындағы білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары қадағалауға алынды.

Шыңғырлау ауданындағы білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары қадағалауға алынды.

Шыңғырлау ауданына қарасты Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі мен мектеп жанындағы интернатта "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🔎 Бүгін құрылыс барысын Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, сондай-ақ құрылыс және жобалау бөлімінің басшысы Самиғолла Сүлейменов арнайы барып аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

🏗 Қазіргі таңда нысандарда:
- 1 және 3-қабаттарға бетон төсеніштер төсеу;
- Электр желілерін монтаждау;
- Шатырды жөндеу және өртке қарсы өңдеу;
- Радиаторларға арналған қорғаныс экрандарын орнату;
- Сантехникалық жүйелерді жаңарту жұмыстары жүруде.

🔍 Нысанды аралау барысында бірқатар сын-ескертпелер де айтылып, құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы қатаң бақылауға алынатыны жеткізілді.