Құттықтаймыз! БҚО – Республикалық додада жүлдегер!

Құттықтаймыз! БҚО – Республикалық додада жүлдегер!

📅 2025 жылдың 9–13 маусымы аралығында Алматы қаласында өткен Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде 5–6 сыныптар арасындағы тоғызқұмалақ жарысы өз мәресіне жетті.

🔹 Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 18 команда қатысып, зияткерлік бәсекеде бақ сынасты.
🔹 Батыс Қазақстан облысының намысын Сырым ауданы, Абай мектеп-балабақша кешені қорғады. Команда Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының қолдауымен қатысып, жоғары дайындық көрсетті.

🏆 Нәтижесінде, Сырымдық команда 2-орынға ие болды.
👏 Бұл – үлкен жетістік!

👨‍🏫 Команда жетекшісі:
Д.К. Турегалиев – А.Шайхиев атындағы БЖСМ-нің тоғызқұмалақ үйірмесінің жаттықтырушысы.

🎉 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ақыл мен төзімділік жарысында жарқырап көріне беріңіздер!