
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батыргалиева облыстық радиода тікелей эфирге қатысып, білім саласындағы маңызды тақырыптарға тоқталды.
🔹 Эфир барысында келесі бағыттар қамтылды:
– 2024–2025 оқу жылының қорытындысы
– Оқушылар мен педагогтердің жетістіктері
– Педагогтерді аттестациялау тәртібі
– Жұмысқа қабылдау үдерісі мен жаңалықтары
🎯 Тікелей эфир – білім беру саласындағы ашықтық пен өзекті ақпараттарды қоғаммен бөлісудің маңызды алаңы.
📚 Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.