«AgroSkills Oral-2025» чемпионаты өз мәресіне жетті!

«AgroSkills Oral-2025» чемпионаты өз мәресіне жетті!

Батыс Қазақстан облысының үздік ауыл шаруашылығы колледждері бас қосқан бұл ауқымды чемпионат өз деңгейінде өтіп, нәтижелі қорытындыланды.

🏆 Сарапшылардың әділ бағалау нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

🥇 І орын – М.Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті Нареш Жалғас
🥈 ІІ орын – Шыңғырлау колледжінің студенті Тулеушев Әмір
🥉 ІІІ орын – Ақжайық аграрлық техникалық колледжінің студенті Төлеуғазиев Айбатыр

🎖 Сонымен қатар, «Үздік маман» медальоны Бөкейордасы колледжінің студенті Жүйекеев Райымбекке табысталды.

👏 Барша жүлдегерлерді құттықтаймыз! Чемпионат – тек жарыс емес, кәсіби өсу алаңы. Жас мамандарға жарқын болашақ тілейміз!