Басқарма басшысының Ақжайық ауданына сапары

Басқарма басшысының Ақжайық ауданына сапары

🔹 2025 жылғы 11 маусым күні Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Набиоллаұлы Сафуллин Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен барды.

🏫 Іссапар аясында Ақжайық ауданының №1 жалпы орта білім беретін мектебіне арнайы келіп, ауданға қарасты 44 мектептің басшыларымен кездесті. Ашық форматтағы сұхбат барысында білім саласындағы өзекті мәселелер мен міндеттер талқыланып, мектеп басшыларына нақты ұсыныстар берілді.

🔍 Сонымен қатар басқарма басшысы:
– Оқу үдерісінің ұйымдастырылуы
– Мектептің материалдық-техникалық базасы
– Қауіпсіздік деңгейі
– Оқушылардың тамақтануы
– Тәрбие жұмыстарының жағдайымен танысып шықты.

🌿 Мектеп аумағына толық тексеріс жүргізіліп, абаттандыру мен инфрақұрылымды жетілдіру бағытында ұсыныстар берілді.

📌 Сапар барысында мектеп жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар қарастырылды.