Батыс Қазақстан облысының білім беру саласындағы елеулі еңбегі лайықты бағаланды.
📌 Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан «Жұлдызай» фестиваліне ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз еткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
🎖 Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының маманы Шынар Бауетдинова «Жұлдызды ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – ерекше балалардың дарынын дамытуға қосқан зор үлестің, жанашырлық пен кәсібиліктің көрінісі.
👏 Құттықтаймыз және алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!