«Алтайдан Оралға дейін» – елдік пен бірлікті ұлықтаған велошеру өз мәресіне жетті

«Алтайдан Оралға дейін» – елдік пен бірлікті ұлықтаған велошеру өз мәресіне жетті

Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруі – елдің сегіз өңірін қамтып, 13 күндік сапармен Орал қаласында аяқталды.

Велошерушілер ШҚО-дан бастап Павлодар, Астана, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстары арқылы Батыс Қазақстанға жетіп, әр өңірде халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Қаратөбе ауданында ақ жаулықты аналар бауырсақ пен ақ ұсынып, ән-күймен қарсы алды.
Орал қаласына жеткенде велошабандоздарды 100-ге жуық жергілікті тұрғындар қарсы алып, ұлттық дәстүрмен қонақжай танытты.

Велошеруге арналған салтанатты шарада БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, спорт басқармасы өкілдері, колледж ұжымдары мен студенттер қатысып, спортшыларға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.

Қатысушылармен дөңгелек үстел де ұйымдастырылып, шерудің идеясы мен мақсаты туралы жетекші Азамат Оразов, ұйымдастырушы Денис Гольцман, қатысушы Дулат Иманқажы өз әсерлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Тасболат Серікқалиев пен Жандос Хамза жастарды шабыттандырып, шерудің рухани әрі тәрбиелік мәнін ерекше атап өтті.