Бүгін Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығында дәстүрлі «Гүлдер әлемі» атты облыстық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше шығармашылықпен өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың экологиялық мәдениетін дамыту және эстетикалық талғамын қалыптастыру болды.
Қатысушылар келесі номинациялар бойынша өз жұмыстарын ұсынды:
- 🌷 «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан» – жас суретшілер қиялға ерік беріп, түрлі техникада қызғалдақ бейнелерін салды.
- 🎨 «GülArt» көрмесі – ерекше қолөнер бұйымдары мен гүлдерден жасалған композициялар көпшіліктің қызығушылығын оятты.
- 👗 «GülStyle» дефилесі – гүлдерден шабыт алған сән үлгілері сахна төрінде ерекше әсер қалдырды.
Байқауға облыстың әр түкпірінен келген оқушылар мен жасөспірімдер белсене қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Әділқазылар алқасы келесі қатысушылардың жұмыстарын ерекше атап өтті:
- 🏅 Утеу Жангүл, Теректі ауданы, Подстепный №2 ЖОББМ оқушысы
- 🏅 Кадимова Улжан, Орал қаласы, №48 ЖОББМ оқушысы
- 🏅 Амангельдина Айым, Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия оқушысы
Байқау соңында үздік шыққан қатысушылар грамоталармен марапатталды.
🌼 Табиғатты аялау – болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция!