ҚР Үкіметінің резерві қаражат есебінен компьютерлік техниканы сатып алу туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің резерві  қаражат есебінен компьютерлік техниканы сатып алу туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің резерві  қаражат есебінен компьютерлік техниканы сатып алу туралы ақпарат

    Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінді:

– компьютерлер-1558 бірлік;

- планшеттер-2018 бірлік;

- ноутбуктер-11394 бірлік.

          Әлеуетті өнім берушіні таңдау бойынша БҚО әкімдігі және білім басқармасы жанындағы комиссия отырысының хаттамалары негізінде басқармамен ағымдағы жылғы 17 тамызда "Казинтерсервис"ЖШС-не келісім шарт жіберді. Келісім  шартқа Тараптармен қол қойды, Қазынашылық органдарында тіркелді.

     Компьютерлік техниканың бағасы хаттамаға сәйкес белгіленді:

– компьютерлер-бірлік үшін 150 000 теңге;

- планшеттер-бірлік үшін 45 000 теңге;

- ноутбуктер-бірлік үшін 161 000 теңге.

           Компьютерлік техниканы сатып алу бойынша ағымдағы жылғы 10 тамызында Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Компьютерлік техникаға қажеттілігі бар әлеуметтік осал топтардың балаларының тізімі жасақталды.

         Қазіргі таңда 1335 планшет және 1500 ноутбук жеткізіліп, әлеуметтік осал топтардың балаларына таратылуда. Қалған компьютерлік техникалар келісім шарт бойынша ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін жеткізілгеннен кейін таратылу жоспарлануда.