Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыс: маңызды мәселелер талқыланды

Халықаралық балаларды қорғау күні және жазғы демалыс: маңызды мәселелер талқыланды

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Халықаралық балаларды қорғау күні мен оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру тақырыбында брифинг өтті.

Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжаркын Темирханова, БҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ернар Сұлтанғалиев және БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева қатысты.

🔹 Ақжаркын Темирханова биылғы шаралар «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында өтіп жатқанын атап өтті. Барлық аудан, ауыл, қалада отбасы, қауіпсіздік, денсаулық, білім және бала құқықтарын қорғау бағыттарында арнайы тақырыптық күндер ұйымдастырылуда.

🔹 Жазғы демалыс кезінде 111 мың оқушы немесе 96% қамтылады. 617 лагерь жұмыс істейді:
- 16 қала сыртындағы лагерь
- 247 тамақпен қамтылған мектеп жанындағы лагерь
- 351 тамақсыз мектеп жанындағы лагерь
- 3 шатырлы лагерь және бейіндік алаңдар

🔹 Әлеуметтік санаттағы балалар толықтай жазғы демалыспен қамтылады:
- жетім және қамқорлықсыз қалған балалар – 100%
- аз қамтылған отбасылар балалары – 100%
- мүмкіндігі шектеулі балалар – 94%
- девиантты мінез-құлықты оқушылар – 98,2%
Бұл шаралар балалардың қауіпсіз әрі пайдалы жазғы демалысын ұйымдастыруға бағытталған.