Орал қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Абай жолымен – білім биігіне" атты салтанатты жиын өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин арнайы қатысып, озат оқушылар мен олардың ұстаздарын марапаттады.
🎓 Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен Зияткерлік мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына облыстық білім басқармасының Алғыс хаты, ал ұстаздарға «Құрмет грамотасы» табысталды.
🔹 Бұл марапаттар – білім мен тәрбиедегі үздік жетістіктердің, ұстаз бен ата-ананың еңбегінің лайықты бағалануы.