Орал қаласындағы «Еуразия» туристік кешенінде облыстық «Жас құтқарушы» слеті өтті. Шараны Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті және балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Слеттің мақсаты – мектеп оқушыларын төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге үйрету, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және командалық рухты дамыту. Жарысқа 11 аудан мен Орал қаласынан 128 оқушы қатысты.
Жарыс бағдарламасы:
- «Таныстыру карточкасы»
- «Қабырға газеті»
- «Алғашқы көмек көрсету»
- «Өрт эстафетасы»
- «Авариялық-құтқару жұмыстары»
- «Іздестіру-құтқару жұмыстары»
- «Су айдынындағы құтқару жұмыстары»
Жалпы командалық есеп нәтижелері:
- 🥇 І орын – Орал қаласының командасы
- 🥈 ІІ орын – Бөрлі ауданының командасы
- 🥉 ІІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдары, медальдары, кубоктері және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бұл слет оқушылардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіруге және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара болды.