🎓 Білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды кеңес

🎓 Білім беру жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды кеңес

📅 2025 жылғы 27 мамырда Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті.

🧩 Жиынға БҚО адам және бала құқығын қорғау уәкілі Жанат Жандоллақызы Нұрмағамбетова, бала құқығын қорғау уәкілі Шаттық Саматқызы Утебалиева, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, басқарма орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

🗂 Күн тәртібіндегі басты мәселелер:
1️⃣ Тірек және магниттік мектептердің жұмысы – Бәйтерек пен Қаратөбе аудандарындағы тәжірибелер мен нәтижелер сараланып, білім сапасын арттыру жолдары талқыланды.
2️⃣ Педагогтерді аттестаттау – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру және бағалау мәселелері қаралды.
3️⃣ №117 бұйрықтың орындалуы – ҚР БҒМ 2022 жылғы 30 наурыздағы бұйрығының жүзеге асырылу барысы сарапқа салынды.
4️⃣ Адам мен бала құқықтарын қорғау – уәкілдер өз қызметінің бағыттары мен білім беру саласындағы құқықтық мәселлер бойынша пікір бөлісті.

📊 Кеңес барысында қала/аудандық білім бөлімдерінің басшылары өз өңірлеріндегі ахуал жайлы есеп беріп, ұсыныстарын ортаға салды.
🔎 Бұл кеңес – білім беру сапасын арттыру, педагог мәртебесін көтеру және балалардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданып жатқан жүйелі шешімдердің бірі.