🎸 «Шырқа, гитара!» – дарындылардың басын қосқан фестиваль

🎸 «Шырқа, гитара!» – дарындылардың басын қосқан фестиваль

2025 жылғы 19-21 мамыр аралығында Казталов ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық «Шырқа, гитара!» фестивалі өтті. Іс-шараны облыстық және Казталов аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары ұйымдастырды.

🎯 Мақсат:
Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, авторлық және бардтық әндерді дәріптеу, талантты жастарды анықтау.

🏆 Нәтижелер:
Фестиваль жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше номинация бойынша өтті. Қатысушылар арасында ерекше өнерімен көзге түскен жеңімпаздар анықталды:

✨ 12 жасқа дейін:
* Жеке орындау: І орын – Ажгерей Санжар (Бөкей ордасы)
* Ансамбль: І орын – «Колокольчик» (Бөрлі)

🎶 13-15 жас:
* Гитарамен ән орындау: І орын – Мұхамбет Муслим (Бөрлі)
* Ансамбль: І орын – «Тел қоңыр» (Теректі)
* Авторлық ән: І орын – Сағынжанқызы Дана (Бәйтерек)

🎤 16-18 жас:
* Бардтық ән: І орын – Елекен Ералхан (Казталов)
* Ансамбль: І орын – «Арда» (Бәйтерек)
* Автор: І орын – Елекен Ералхан (Казталов)

🌟 Фестиваль өнерлі жастардың шеберлігін шыңдауға, шығармашылығын дамытуға зор серпін берді. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!