Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаның аясында республикалық кадр резервіне қабылданған педагогтермен кездесу өткізді.
🔹 Кездесу барысында аудандық білім бөлімдерінің басшылары да қатысып, өз өңірлеріндегі басшылық лауазымдарға қатысты бос орындар туралы ақпаратпен бөлісті.
📊 2024 жылы облыс бойынша 22 педагог республикалық кадр резервіне қабылданып, олардың 10-ы басшылық қызметке тағайындалды.
📌 2025 жылы 117 педагог құжат тапсырса, қазіргі таңда 46 үміткер үш деңгейлі оқытудан өтуде.
🔹 Бұл бастама — білім беру жүйесінде сапалы басқару мен тиімді көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.