🏆Орал “Сервис” технологиялық колледжінің студенті республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрінді!
📍 2025 жылғы 20-21 мамыр күндері Алматы қаласында өткен “Мен кәсіпкермін” Гранд турнирі аясында ұйымдастырылған “Бизнес аруы – 2025” республикалық байқауында “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу” мамандығының 2 курс студенті Есбатырқызы Фатима жүлделі ІІ орын иеленді!
23 қатысушының арасынан озып шыққан студенттің бұл жетістігі – кәсіби білім мен шығармашылық ізденістің нәтижесі.
👏 Фатиманың жеңісіне “Бизнес стартап” орталығының жетекшісі Сагитова Айнаш Тоқтарқызының жетекшілігі мен қолдауы үлкен сеп болды.
💼 Жас кәсіпкерлерді қолдап, олардың бастамаларына серпін беретін осындай байқаулар – техникалық және кәсіптік білімнің сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Жеңісті күндер көп болсын!