2020 жылдың 2 айлық бойынша білім басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2020 жылғы 2 айлық бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.

2020 жылдың 2 айлық бойынша Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 59 өтініштер түсті. Өтініштердің 40- (67,8%)  қарастырылды, 33-  өтініш түсіндірілді,7 -  өтініш қанағаттандырылды, 0 – тоқтатылды,  0- қысқартылды, 6 өтініш құзыреттілігі бойынша басқа мекемеге жолданды.

Басқармаға келіп түскен өтініштердің көтеріп отырған мәселелері:  әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (облыс білім беру мекемелері туралы, грант бөлу, материалдық көмек көрсету, мектепке және балабақшаға орналастыру, жұмыспен қамту мәселелері,  еңбек өтілін растау  жәнет.б.) қамтиды.

Азаматтарды жеке мәселелері бойынша басқарма басшысы 2020 жылдың 2 айында жеке қабылдау өткізді.

2020 жылдың 2 айлық бойынша білім басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау
Дата публикации
19 июня 2020