Аналар күні -әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.

Аналар күні -әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.
Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет Аналар күні болып тойланды.Биыл екінші жылы 11 мамырда тойланғалы отырған мерекеге орай «Ана-аса қымбатты жан» атты әдеби-поэзиялық композициясы ұйымдастырылды.
Шара барысында бұл күн әлемнің жарығын сыйлаған, ұлтты ел қылып, ұлды қорған етіп, қызды ел анасы ретінде тәрбиелеген ұлы Аналарды еске алатын күн екендігі жөнінде кітапханашы ақпарат беріп өтті.
Осы кеште жарық өмір сыйлаған аналарына арнап балалар Алмат Исәділдің «Анашым» ,Гүлдана Исаеваның «Анамның арқасында», Өтепберген Ақыпбекұлының «Үйдің күні-анамыз...» өлеңдерін кітапхананың белсенді оқырмандары Максимов Кирилл,Жами Аянат, Өтегенов Рамазан нақышына келтіре оқып берді.
Әріқарай шара қатысушыларына кітапхана қорындағы А.Бақтыгерееваның «Ана жүрегі» өлеңдері, «Ана әлдиі» II- томдық таңдамалы шығармасы, А.Жақиянованың «Апа,сені сағындым» повесі,А.Баймұхаметовтің «Тастамашы,ана! » хикаяты, «Мать» сборник т.б кітаптары таныстырылды.
Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші!