Отбасы - бақыт ұясы

Отбасы - бақыт ұясы
Отбасы - бақыт ұясы
Жыл сайын 15 мамырда 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі.
Ертең әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Халқымыз қашанда шаңырақтың беріктігі мен қазақы тәрбиеге ерекше мән берген. Отбасы – ынтымақ пен бірліктің ордасы деп санаған. Бүгінде әр шаңырақ бұл қағиданы берік ұстанып келеді.
Отбасы – зиялы қоғамның діңгегі. Демек, әр шаңырақтың аман-саулығы кемел келешекке бастайды. Қысқа уақытта сан алуан өзгеріске ұшырап жатқан қоғамда отбасы құндылықтарын сақтап қалу аса маңызды. Бұл ретте ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беру керек. Себебі, өнегелі ұрпақ тұлға болып қалыптасуға ұмтылады.
Балаларды кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.
Жыл сайын кітаппен дос болып ,отбасымен оқитын оқырмандарымыз Аманғазы, Самиғолла, Алиповтер, Мейрамқызы, Маратовтар, Кашпаевтар, Ксенофонтовы, Заяро, Нұрлановтар отбасыларына кітапхана қызметкерлері алғыс білдіреді.
Ата-ана және олардың балаларының қолында жақсы кітап бар болса – ол үйде оқырмандық атмосфера,рухани бірлік болатынына кәміл сенуге болады. Отбасы мен кітаптың байланысын ажыратпау өте маңызды. Осыдан кітапхананың басты және маңызды рөлі – оқырмандарды кітапқа жақындату.
Кітапхана қорындағы ата-аналарға арналған «Отбасындағы 30 сабақ», А.Фабердің «Тыңдату үшін балаға не деу керек,ал сөйлету үшін,оны қалай тыңдау керек?», А .Сағидың «Тұлға тәрбиелеу –оп-оңай», Е.Ертайұлының«Баланы жазасыз тәрбиеле»,Қ.Ергөбектің «Адамның бір қызығы бала деген... » т.б кітаптарын ұсынып, оқуға шақырады.