Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!

Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – әрбір азаматтың тірегі, мемлекеттің негізі, қоғамның айнасы. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ұрпақ тәрбиелеуде отбасының рөлі орасан зор. Ынтымағы жарасқан, мейірім мен сыйластыққа толы әрбір шаңырақ – еліміздің берік іргетасы.
Бәйтерек ауданында да отбасылық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беретін өнегелі әулеттер аз емес. Мұндай отбасылар – қоғамның рухани тірегі, жастарға үлгі-өнеге.
Бұл күн – отбасы ғана емес, ұлттық бірліктің, рухани сабақтастықтың, ізгілік пен адамгершіліктің мерекесі.
Сондықтан әр үйден шаттық кетпесін, әр шаңырақтың түтіні түзу шықсын, ұрпағымыз аман, болашағымыз жарқын болсын!
Құрметпен, Бәйтерек ауданы әкімі М.Тоқжанов