ЖЕҢІС РУХЫНА ТАҒЗЫМ: АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

ЖЕҢІС РУХЫНА ТАҒЗЫМ: АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ
Ұлы Жеңіске – 80 жыл. Жыл өткен сайын бұл күннің мәні мен маңызы арта түсуде. Өйткені бейбіт өмір – боздақтардың қаны мен аналардың көз жасы, тыл еңбеккерлерінің маңдай терімен келген жеңіс. Осы ұлы мұраны ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың парызымыз.
Бүгін ауданымызда тағылымы терең, тәрбиелік мәні зор шара өтті – Ұлы Отан соғысынан аман оралып, бейбіт өмірде дүниеден өткен майдангерлерге арналған ескерткіш тақта ашылды. Бұл – ел үшін от кешкен ерлердің есімін ұлықтау, олардың ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған игі іс.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Марат Тоқжанов, майдангерлердің ұрпақтары, еңбек және тыл ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, соғыс жылдарының қасіреті мен ардагерлердің өлшеусіз еңбегі туралы айтып өтті.
Ескерткіш тақтаны ашу құрметі тыл ардагері Салимова Ұмсын, ішкі істер саласының ардагері Қожекенов Нұрболат және майдангерлердің ұрпағы Галиева Ұлболсын апайға берілді.
Ұлы Жеңіс ұрпақ жадынан өшпек емес. Бұл ескерткіш – тарих пен тағзымның, рух пен руханияттың бірлігін білдіреді.