
Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Марат Тоқжанов сөз алып, барша аудан тұрғындарын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Өз сөзінде ол Жеңістің ұлы маңызын, біздің ұрпаққа аманат етіп қалдырған ардагерлердің ерліктерін жоғары бағалап, осы бейбіт күндердің қадірін білу қажеттігін атап өтті. «Жеңіс – тек өткеннің естелігі емес, бұл біздің болашағымызды қорғаған ерліктің жарқын бейнесі. Ұлы Отан соғысының батырларының ұрпақтары мен бүгінгі қазақстандықтар осы ұлы жеңістің рухын мәңгілікке сақтау жолында бірлесе жұмыс істеуде», – деп аудан әкімі М.Тоқжанов сөзін қорытындылады.