Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы Ғалиев тыл еңбеккерлерінің үйлеріне арнайы барып, Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтады.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске -80 жылдық мерекелік медальді табыстап, аудан әкімі атынан құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Тыл ардагерлері – тарихтың тірі куәгерлері екені анық.
Соғыс жылдарында олар майдан шебінен алыс болса да, бар күш-жігерін салып, Отан үшін маңдай терін төкті. Егістік басында, мал шаруашылығында, зауыттар мен фабрикаларда күн демей түн демей еңбек етті. Жеңісті жақындатуға қосқан үлестері өлшеусіз.
Бүгінгі таңда Дариян ауылдық округінде 31 тыл ардагері тұрып жатыр.
Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, үлкенге құрмет, елге қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ардагерлерге деген қамқорлық – елдің мерейі мен бірлігінің белгісі!
Ұлы Жеңіс – ұлт рухының, ерлік пен еңбек даңқының символы.